Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына Сауд Арабиясы Корольдігі Елшісі кеңсесінің директоры, Елші протоколының бастығы Гассан Алахмади арнайы сапармен келді.

 

Кездесу барысында қонақтарға орталықтың қызметі таныстырылып, зейнеткерлік жастағы азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік, мәдени-танымдық және сауықтыру бағытындағы жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, белсенді ұзақ өмір сүруді қолдау, аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалар таныстырылды.

Сапар аясында тараптар егде жастағы азаматтарды қолдау саласындағы озық тәжірибелермен алмасып, осы бағыттағы ынтымақтастықтың перспективалары мен өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу халықаралық әріптестікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және аға буынға көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі жетілдіруге ықпал ететін маңызды алаңға айналды.