Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

10 қыркүйек күні Байқоңыр ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Өз қолыңызбен жасалған қазіргі заманғы стильдегі аспалар» атты шеберлік сабақ өтті.

Мақсаты – фетр материалынан ұлттық нақыштағы сәнді кулон немесе аспа жасау, дәстүрлі ою-өрнектерді қазіргі заманғы дизайнмен үйлестіріп, авторлық әшекей бұйым дайындау болды. Қатысушылар фетрмен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдерін меңгеріп, өз қолтаңбасы бар ерекше әшекейлерін жасап шықты.

Шеберлік сабақ барысында қатысушыларға дәстүрлі және заманауи стильдердің ерекшеліктері таныстырылды. Қазақ мәдениетінде тұмарлар мен аспалар тек сәндік емес, символдық мәнге ие болғаны айтылды: орнаменттер береке, қорғаныш, отбасы амандығын білдірген. Бұрын күміс, сүйек, былғары, асыл және жартылай асыл тастар, жүн қолданылса, қазіргі таңда заманауи кулондар жеңіл әрі минималистік сипатқа ие болып, әйнек, акрил, металл және смола сияқты жаңа материалдардан жасалатыны көрсетілді.

Шығармашылық сабақ баршаға шабыт сыйлап, дәстүр мен заманауи өнердің үйлесімін тағы бір мәрте дәлелдеді.