Есіл ауданында спорт күнін атап өту мақсатымен «Спорт – елдің мерейі» спорттық іс-шара болып өтті.


Нұржол гүлзары субұрқақ жанында өткен тақырыптық шараға «Оңалту гимнастикасы», педагог Хулимат Аубакирова. «Айкүне» қазақ гимнастикасы, педагог Гулнар Шинасилова, «Цигун және скандинавиялық серуен», педагог Кама Исенова, «Жаңа толқын» би клубы, жетекшісі Айнұр Райымбекова бастаған спортшылар қатысып белсенділік танытты. Мерекелік топтық спорттық билер биледі.

Сонымен қатар үш күндік салауатты өмір салтын қолдап барлық аудан зейнеткерлері қатысқан «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» атты ең үздік тоғызқұмалақ байқау қорытындысы бойынша ерлер арасынан І орынды — Раткан Алипбаев (Алматы), ІІ орынды – Нуртаза Сакуов (Есіл), ІІІ орынды — Сарсенбай Каиржанов (Байқоңыр ауданы); әйелдер арасынан І орынды — Гаухар Жанабаева (Есіл), ІІ орынды — Жамалхан Тогусова (Нұра), ІІІ орынды — Наиля Оразбаева (Байқоңыр) иеленді. Жеңімпаздарға қаржылай демеушілікпен қолдау көрсеткен тоғызқұмалақшы, Сауле Қаржасқызының шәкірті Алибек Сабитов.


Жеңіске қол жеткізген зейнеткерлере алғыс хат және естелік сыйлықтар табыстады. Демеуші азаматқа және барлық ауданнан келіп атсалысқан ойыншыларға алғысымыз шексіз.



