Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Халықаралық Цигун күніне орай елорданың Байқоңыр ауданындағы БҰӨСО-ның зейнеткерлері «Ататүрік» саябағында қытай халқының дәстүрлі жаттығуымен айналысты. Цигун – тыныс алу жаттығуларын, медитация мен физикалық қозғалыстарды біріктіретін ежелгі қытай тәжірибесі.

Бұл әдіс жалпы денсаулықты жақсартуға, энергияны арттыруға және денеде тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған. Шеберлік сабағына 50-ден астам зейнеткер, қала қонақтары мен цигунды дамыту мектебінің спортшы балалары және БҰӨСО-ның басшылығы қатысты.

Іс-шара білікті маман, спорт нұсқаушысы Жанат Тұяқбаевтың жетекшілік етуімен өтті. Аталған шарада егде жастағы адамдар мен балалардан құрылған топтар цигун тыныс алу гимнастикасынан демонстрациялық қойылым көрсетті. Сонымен қатар, Цигун күніне орай бірқатар зейнеткерлер спорттағы жетістігі үшін марапатталды. Атап айтқанда, цигун, тайцзицюань және кунфу номинациялары бойынша бірқатар қатысушылар ерекше атап өтілді.

Мәселен, Наталья Кнауб 3 дәрежелі цигун нұсқаушысы атанса, тайцзицюань бойынша Салтанат Қожанова мен Гүлбаршын Адамова ерекшеленді, кунфу бойынша қызыл белдікке Бәтима Елкибаева, ал сары белдікке 10-ға жуық зейнеткер ие болды. Іс-шараға қатысушы зейнеткерлер бұл жаттығулардың денсаулыққа пайдасы зор екенін айтып отыр. Іс-шара ұлт денсаулығын жақсарту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтті. Цигун мен кунг-фу үйірмесі жыл 12 ай тоқтаусыз жалғасатын болады.