Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Сарыарқа ауданындағы филиалында фотосуретші Күләнда Тулебаеваның «Астананың құстары» атты көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме өзінің әралуандылығымен аудан тұрғындары мен қонақтарының назарын алды.
Фотокөрме арқылы елордада мекендейтін құстар әлемімен танысуға мүмкіндік бар.
Көрмеде құстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігін көрсететін фотосуреттер қойылды.
Күләнда Сағымбайқызы – Сарыарқа ауданына қарасты Орталық филиалының қызмет алушысы.
Автордың айтуы бойынша көрменің мақсаты Астанада мекендейтін құстар туралы хабардар етіп қана қоймай, оларды қорғауды насихаттау еді.
«Астананың құстары» көрмесі тек танымдық шара ғана емес, қоғам мен табиғат арасындағы байланысты нығайтқан мәдени шараға айналды.
Ұйымдастырушылар фотокөрменің бір апта бойы жалғасатынын айтып, қала тұрғындарын көрмені тамашалауға шақырады.