Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

9 ақпанда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Серік Қарабатыров Орталықтың Сарайшық ауданындағы филиалына барып, қызмет алушы зейнеткерлермен және орталық ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысы Ақсұлу Нұрланова 2025 жылдың қорытындыларына тоқталып, жұмыстың жаңа бағыттар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндады.
Сонымен қатар, жиналғандар көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, клуб жұмыстарының дамуы және егде жастағы азаматтардың белсенді, әрі салауатты өмір сүруіне жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударды.


Кездесу барысында зейнеткерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қызмет сапасын жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты.