Алматы ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Қарттар күніне орай асық ату және тоғызқұмалақтан турнир өтті. Жарысқа 12 зейнеткер мен ардагер қатысып, өздерінің мергендігі мен шеберліктерін көрсетті. Ұлттық ойындар — ата-бабамыздан қалған асыл мұра, кейінгі буынға үлгі болар қазына.



Асық ату бойынша жеңімпаздар: I орын — Ғалым Белденов, II орын — Жақсыбай Изғалиев, III орын — Тұрсын Исмайлов. Әйелдер арасында: I орын — Айгүл Отарғалиева, II орын — Нарзанкүл Баймұқышева, III орын — Бақыт Өгізбаева.


Тоғызқұмалақ бойынша: I орын — Роза Дүкесова, II орын — Қуандық Дүкесов, III орын — Құралай Нұрмағанова. Шара барысында қатысушылар бір-бірімен достық қарым-қатынаста ойнап, ұлттық дәстүрдің құндылығын тағы бір мәрте сезінді. Көрермендер қатысушылардың әр қадамын қызығушылықпен бақылап, қолдау білдірді. Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.



