Сарыарқа ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, әнші Рауза Набиуллинаның шығармашылық кеші өтті. Кеш жүргізушілері Жәңгір Ахметзада мен Айымгүл Рожаева көрермендерге концерт барысын таныстырды.

Бағдарлама аясында Рауза Набиуллина әртүрлі жанрдағы әндерді орындап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, кеш барысында поэзиялық және би нөмірлері ұсынылды. Мұқағали Мақатаевтың «Отан» өлеңін Зульфия Толебаева мәнерлеп оқыса, «Әдемі дәуір» би ұжымы мен «Элегант-дэнс» ансамблі өз өнерлерін көрсетті.

Әнші репертуарында классикалық және халық әндерімен қатар, танымал шетелдік туындылар да орындалып, концерт мазмұнын байыта түсті. Әрбір нөмір көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Кеш соңында ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылып, қонақтарға жылы лебіздер білдірілді. Аталған шара қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, мәдени демалыстың жарқын үлгісіне айналды. Концертке Сарыарқа ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы қатысып құттықтау сөз сөйлеп, Сарыарқа ауданы әкімінің алғыс хатын табыс етті.



