Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Осы аптада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры С.Ж. Қарабатыров Байқоңыр, Алматы және Есіл аудандарындағы филиалдарға барып, қызмет алушылармен және орталық ұжымдарымен кездесті.

Кездесу барысында аудандық бөлімшелердің басшылары 2025 жылдың қорытындыларын шығарып, дайындалған слайдтар мен көрнекі материалдар арқылы атқарылған жұмыстар, жаңа бағыттар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндады. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, клуб жұмыстарының дамуы және егде жастағы азаматтардың белсенді әрі салауатты өмір сүруіне жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қатысушылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтып, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының алдағы даму жоспарларын талқылады.