Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ Байқоңыр ауданы бойынша бөлімшесі мен Байқоңыр ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі бірлесіп, «Балаларға жақсылық жаса!» атты қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

 Іс-шараға «Sheber Shop» әлеуметтік жобасына қатысушы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар шақырылды. Бағдарлама Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, патриоттық рух пен елге деген сүйіспеншілікке үндеді. Шара барысында нұсқаушы А.З. Чернятевич пен «80+ Sheber Shop» клубының жетекшісі Б.С. Өмірзақова балаларға мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызы туралы түсіндіре отырып, олардың елжандылық қасиеттерін оятуға үлес қосты.

 Балалар викторинаға белсене қатысып, рәміздер тақырыбында сурет салып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Іс-шара соңында бүлдіршіндерге Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты атынан естелік сыйлықтар табысталды.

 Шараның негізгі мақсаты – аға буын мен жас ұрпақ арасындағы рухани сабақтастықты нығайту, ұрпақтар арасындағы байланысты тереңдету болды. Іс-шара барысында орталықтың шебер әжелері балаларға ұлттық қолөнердің қыр-сырын үйретіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.