Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарыарқа ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Наурыз мейрамының онкүндігі аясында Ұлттық киім күніне арналған ерекше іс-шара өтті. Бұл күні орталықтың қызмет алушылары ұлттық дәстүрді дәріптеп, мерекелік көңіл-күйде болды.

Мерекелік концертті «Шұғыла» би тобының әсем хореографиялық композициясы ашып, көрермендерді Наурыз мейрамының думанды атмосферасына бөледі. Шара барысында ұлттық киімдердің маңыздылығы мен әсемдігі ерекше атап өтілді.

Орталықтың ересек модельдер тобы «Кербез модельс» сән көрсетілімін ұйымдастырып, көздің жауын алар ұлттық киім үлгілерін паш етіп, олардың эстетикалық құндылықтарын танытты.

Сонымен қатар, қонақ ретінде шақырылған дизайнер Қалиева Қорланның көктемгі жаңа топтамасы – «Көктем» коллекциясы көрермен назарына ұсынылып, қалаған киімдерді сатып алу мүмкіндігі жасалды.

Іс-шара аясында орталықтың Еңбек терапиясы үйірмесіне қатысушы әжелер өз қолдарымен тіккен кимешектерді таныстырып, олардың мән-мағынасы мен ерекшеліктері туралы баяндады. Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық киімдерін насихаттауға арналған бұл шара қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады.