Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарыарқа ауданының “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының” жаттығу залының қызмет алушыларына арналған ұлттық спорттық шара өтті. Іс-шараның басты тақырыбы – қазақтың дәстүрлі ойыны асық ату болды.

Шара қыздыру жаттығулары мен флешмоб биімен басталып, қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді. Одан кейін асық ойынының шығу тарихы, оның түрлері мен ерекшеліктері жөнінде мағлұмат берілді. Ұйымдастырушылар асық ойынының ережелерін түсіндіріп, оны дұрыс ойнау тәсілдерін көрсетті. Қызмет алушылар асықтың әртүрлі түрлерімен танысып, өздері де белсене ойынға қатысты.

Сонымен қатар, ұлттық ойынға байланысты қызықты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Шара барысында қатысушылар бір-бірімен жарысып, өздерінің ептілігі мен дәлдігін сынады.

Бұл шара қызмет алушылар үшін тек спорттық сайыс қана емес, сонымен қатар ұмыт бола бастаған дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған танымдық кездесу болды. Шара соңында барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.