30 шілдеде Есіл ауданының зейнеткерлері «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты сирек кітаптар көрмесін тамашалады.
Көрмені ҚР Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ұйымдастырды.
Зейнеткерлер ұлттық орталықтың кітап көрмесінің тарихы, олардың құндылықтары және сақтау, қалпына келтіру жолдарымен танысты.
Зейнеткерлерді қызықтырған сұрақтарға Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бөлім басшысы Анар Баймағамбетова жауап беріп, құнды кітаптардың тарихына толық тоқталды.



