Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарайшық ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында скандинавиялық жүріс тобының ұйымдастыруымен «Берекелі күз – мерекелі жүз» атты шығармашылық кеш өтті.

Қатысушылар күзгі табиғи материалдардан ерекше қолөнер бұйымдарын жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен шеберліктерін көрсетті. Әрбір жұмыс өзіндік идеясымен және ұқыптылығымен ерекшеленді. 🍃

Іс-шара соңында үздік жұмыстар бірнеше номинация бойынша марапатталды:

🥇 «Үздік композиция» — «Еңбек терапиясы» үйірмесі;

💡 «Ең ерекше идея» — «Қазына» зияткерлік үйірмесі;

🎨 «Ең ұқыпты жұмыс» — скандинавиялық жүріс тобы;

👏 «Көрермен көзайымы» — «Сарайшық сазы» вокалдық ансамблі.

Мерекелік кеш жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мұндай кездесулер адамдарды біріктіріп, шығармашылыққа деген қызығушылықты арттыруға және бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік береді. 🤎