Нұра ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында алты ауданның қатысушылары арасында дойбыдан турнир ұйымдастырылды. Зияткерлік сайысқа 12 ойыншы қатысып, өздерінің шеберліктері мен стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетті.

🏆 Турнир қорытындысы бойынша:
🥇 І орын — Сарайшық ауданы
🥈 ІІ орын — Есіл ауданы
🥉 ІІІ орын — Нұра ауданы
Жарыс соңында жеңімпаздарға дипломдар, медальдар мен кубоктар табысталды. Турнир қатысушыларға өз мүмкіндіктерін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік берді.
Іс-шараның басты мақсаты — қатысушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және салауатты бәсекелестікті қалыптастыру.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!



