Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Есіл ауданының БҰӨС орталығында Республика күніне орай «Қос алқа» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен «Отаным менің – Қазақстан» атты концерттік бағдарлама өтті.

Концерт Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйімен ашылды. №77 Фариза Оңғарсынова атындағы мектептің жас домбырашылары (жетекшісі Сағила Райбекқызы) мен «Қос алқа» тобы (жетекшісі Райхан Асилова) мектеп оқушыларымен бірлесіп өнер көрсетіп, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеді.

Бағдарламада туған жерге арналған әндер, халық әндерінен попурри, сондай-ақ, Ақан сері, Үлебай Әнетов пен Ескендір Хасанғалиевтің шығармалары орындалды.

Әсіресе, 84–86 жас аралығындағы ардақты ұстаз Ғалия Мелдібекова мен жастарға ақ батасын беріп жүрген Серік Бахтыбаевтың орындауындағы әндер көрермендердің ықыласына бөленді. Сонымен қатар, Рауза Шияпқызы, Талап Базархан, Бану Иманбаева және Дана Бейназарова ел жадында сақталған әсем әндерді шырқап, мерекелік кештің мазмұнын байытты.