Халықаралық қарттар күніне орай Астана қаласы мәслихатының депутаттары Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының барлық алты филиалына барды.
Қонақтар орталық қатысушыларын мерекемен құттықтап, зейнеткерлермен әңгімелесіп, орталықтардың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты.
Орталық директоры Серік Жолаушыұлы қонақтарға филиалдар бойынша экскурсия жүргізіп, Орталықтың жұмысы, негізгі бағыттары мен аға буын өкілдеріне ұсынылатын мүмкіндіктер туралы айтып берді. Депутаттар, сондай-ақ, сабақтар мен клубтарға қатысып, қатысушылармен танысып, олардың белсенді әрі мазмұнды өміріне куә болды.

Іс-шараға Астана қаласы мәслихатының депутаттары Қанат Естек, Мадина Әжікенова, Алтыншаш Табулдина және Бауыржан Смаилов, сондай-ақ, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгерім Тәңірбергенова қатысты.

Мұндай кездесулер Орталықтардың тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуға және аға буын өкілдерімен ашық диалог орнатуға мүмкіндік береді.



