Қарттар күні қарсаңында Сервис және туризм колледжінде «Қарттарын қадірлеген ел қадірлі» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығымен және Сервис және туризм колледжімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Іс-шара аға буын өкілдері мен жастарды өнер, музыка және жылы қарым-қатынас арқылы біріктірген ұрпақтар кездесуіне айналды.
Аға буын өкілдерін Сервис және туризм колледжінің директоры Салтанат Басыгараева, №3 қалалық емхана директорының медициналық бөлім бойынша орынбасары Татьяна Червякова және Сарыарқа ауданы бойынша бөлім басшысы Кенжеболат Сапарұлы құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Колледж студенттері де зейнеткерлерге арнайы мерекелік құттықтауларын арнап, концерттік нөмірлерін ұсынды. Сахнада «Вайнах», «Әгугай», «Элегант-дэнс», «Үкілі», «Әдемі дәуір», «Замандастар» шығармашылық ұжымдары және басқа да өнерпаздар өнер көрсетті.
Қонақтардың ерекше назарын Хайролла Әбішевтің «Зере» топтамасын ұсынған «Кербез models» тобының ұлттық киімдер көрсетілімі аударды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында «Еңбек терапиясы» үйірмесі мен «Бойтұмар» қыздар клубының қатысушылары дайындаған қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Орталық қатысушыларының суреттері қойылған көрме өтті.

Мерекелік шара аға буын өкілдеріне жылы лебіздер мен құттықтаулар арнап қана қоймай, шығармашылық, көңіл бөлу және өзара қарым-қатынасқа толы ортада уақыт өткізуге мүмкіндік берген әсерлі кездесуге айналды.



