1 қазан – Қарттар күніне орай Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы «Күміс қимыл – жеңіл дене жаттығулары» атты сауықтыру шарасын өткізді.
Шара «Нұрлы жол» вокзалының алдында Аудан әкімдігі мен Спорт комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды. Орталықтың зейнеткерлері жеңіл дене жаттығуларына белсене қатысып, денсаулықты нығайтуға және қимыл-қозғалысты арттыруға бағытталған жаттығулар орындады.

Қатысушылар сергіп, көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, белсенді қозғалыстың салауатты өмір салтындағы маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Барша қатысушыларға белсенділіктері мен көтеріңкі көңіл күйлері үшін алғыс білдіреміз!




