Халықаралық қарттар күніне орай Астанада жыл сайынғы «Қарттар – біздің қазынамыз» флешмобы өтті. Оған Есіл ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен мектеп оқушылары қатысты.
Флешмобты Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Есіл ауданының әкімдігі және Спорттық және бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы бірлесіп ұйымдастырды.

Музыка ырғағымен орталықтың әжелері мен мектеп оқушылары арнайы флешмоб билеп, белсенділік танытты. Әсіресе би бөлімі қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара аға буынға құрмет көрсетіп, әр буын арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды. Жастардың үлкендермен бірге қатысуы ұрпақтар сабақтастығын көрсетіп, өзара қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.



