Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарайшық ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-мен және аудан ардагерлерімен бірлесіп, «Ұлы даланың жазба мұралары» атты жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрме барысында Орталық қатысушыларына халқымыздың бай тарихи-мәдени мұрасын танытатын құнды қолжазбалар мен сирек кітаптар таныстырылды. Сондай-ақ, көрмеге қойылған жәдігерлердің тарихы мен маңызы туралы ақпарат берілді.
«Ұлағатты шара ұлттық жазба мұрамызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Зейнеткерлеріміз зор ықыласпен тыңдады, ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз»- деп жүрекжарды лебізін білдірді бөлімнің жетекші маманы Сара Құмарова.