Алматы ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының 40-қа жуық зейнеткері Тұңғыш Президент мұражайына танымдық экскурсияға қатысты. Экскурсия барысында қатысушылар мұражайдың бай экспозицияларымен танысып, еліміздің тарихы мен мәдени мұрасын бейнелейтін құнды жәдігерлерді тамашалады. Сондай-ақ, мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдері, тарихи оқиғалар мен маңызды тұлғалар туралы тың мәліметтерге қанығып, ерекше әсер алды.

Экскурсия жүргізушілері әр бөлім бойынша мазмұнды ақпарат ұсынып, тарихи деректерді қызықты және әсерлі түрде баяндады. Олардың кәсіби біліктілігі, жылы жүзді қарым-қатынасы мен қонақжайлығы экскурсияның жоғары деңгейде өтуіне ықпал етіп, қатысушылардың қызығушылығын арттырды.

Танымдық сапар зейнеткерлерге жаңа білім мен жағымды эмоция сыйлады. Қатысушылар мұражай ұжымына шынайы ризашылықтарын білдіріп, мұндай мәдени-танымдық іс-шаралардың тарихи сананы кеңейтіп, бос уақытты мазмұнды өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Экскурсия олардың жадында жарқын әсер мен ұмытылмас естелік ретінде сақталды.



