Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Әгугай» этно-фольклорлық ансамблі «ASTANA – SUMMER – FEST» халықаралық көпжанрлы байқау-фестивалінде Бас жүлде жеңіп алды.

Байқауға көптеген шығармашылық ұжымдар қатысты. Алайда «Әгугай» әнін жоғары деңгейде орындаған біздің ансамбль көрермендер мен қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленіп, фестивальдің ең жоғары марапаты – Бас жүлдесінің иегері атанды.

Фестиваль қорытындысы бойынша ансамбльдің әрбір қатысушысы дипломдармен және естелік медальдармен марапатталды. Сонымен қатар, ұжым халықаралық фестивальге қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жолдама жеңіп алып, өз өнерін халықаралық деңгейде таныстыру мүмкіндігіне ие болды.
Ансамбль жетекшісі: Мансия Асылбаева.
Музыкалық жетекшісі: Жанарбек Искендіров.



