Елорда күніне орай Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының скандинавиялық серуен үйірмесінің қатысушылары үйірме жетекшісі Туғанай Қойшықызымен бірге Есіл өзеніне теплоходпен саяхатқа шықты.

Мерекелік серуенге 65 адам қатысты. Жаздың жайма-шуақ ауа райы, сүйікті әуендер мен Астананың көркем келбеті ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Қатысушылар би билеп, еркін әңгімелесіп, елорданың әсем көріністерін тамашалап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.

Мұндай серуен қатысушылар үшін Елорда күнін ерекше атап өтіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға және жарқын естеліктер жинауға тамаша мүмкіндік болды.



