Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі 23–27 маусым аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өткен Zhulduz ART халықаралық өнер байқауында Бас жүлде – иегері атанды.

Байқау Қырғыз Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің ұйымдастыруымен және Қырғызстан Халықтары Ассамблеясының қолдауымен өтіп, оған әртүрлі елдерден келген дарынды өнерпаздар қатысты.

Байқауда ансамбль мүшелері «Бақтыбайдың әуені» әні мен қазақтың халық әндеріне попурриді жоғары деңгейде орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, бас жүлдені жеңіп алды.

Бұл байқау мәдени байланыстарды нығайтуға және Қазақстанның мәдени мұрасын халықаралық деңгейде лайықты танытуға зор үлес қосты.

Халықаралық байқаудағы жетістіктері үшін ансамбль ұжымы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Ардагерлер кеңесінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, «Әділет» партиясының өкілдері өнер ұжымына естелік сыйлықтар табыстап, олардың халықаралық байқаудағы жетістігі мен лайықты өнер көрсетуіне ризашылықтарын білдірді.