Сарайшық ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Бейбітшілік және келісім саябағында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және отбасы дәстүрлерін нығайтуға бағытталған «Әке көрген – оқ жонар», «Шеше көрген – тон пішер» атты отбасылық танымдық-спорттық іс-шара өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – мәдени мұраны сақтау, отбасы институтын нығайту және ата-бабадан келе жатқан рухани-адамгершілік құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру болды.
Шараға Сарайшық ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушылары белсенді қатысты. Аға буын өкілдері ұлттық салт-дәстүрлер мен қолөнерді насихаттауға өз үлестерін қосты. Орталықтың қолөнер шеберлері немерелеріне ұлттық қолөнердің қыр-сырын көрсетіп, өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.

Мұндай кездесулер жастардың дәстүрлі қолөнердің маңызын терең түсінуіне, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Іс-шара аясында ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылып, шеберлік сабақтары мен шығармашылық алаңдар жұмыс істеді. Қатысушылар халықтық дәстүрлермен танысып, өз өнерлері мен қабілеттерін көрсетіп, отбасылық ортада мазмұнды уақыт өткізді.



