Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары Елордада өткен XII Халықаралық йога күніне белсене қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар йоганың денсаулықты нығайтуға, тән мен жан үйлесімін сақтауға, сергектік пен көтеріңкі көңіл күйді қалыптастыруға тигізетін пайдасына тағы бір мәрте көз жеткізді. Сонымен қатар, іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етіп, белсенді ұзақ өмір сүрудің маңыздылығын айқындай түсті.
Орталық қатысушылары денсаулықты нығайтуға және белсенді өмір салтын ұстануға бағытталған іс-шараларға әрдайым зор ықыласпен қатысады. Осындай бастамалар олардың өмір сапасын жақсартуға, жаңа достар табуға және жағымды әсер алуға мүмкіндік береді.




