Президенттік саябақта Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бастамасымен таза ауада йога бойынша шеберлік сабағы өтті.
Сабақты орталықтың йога нұсқаушысы Қарлығаш Өмірзаққызы жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың дене белсенділігін арттыру, денсаулықты жақсарту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Қатысушылар таза ауада йога жаттығулар кешенін орындап, тыныс алу техникасын меңгеріп, дене икемділігін дамытуға жұмыс жасады. Табиғат аясындағы жаттығулар денсаулықты нығайтуға және ішкі тыныштыққа қол жеткізуге ықпал етті.
Шеберлік сабақтың, соңында, қатысушылар жағымды әсер алып, салауатты өмір салтының маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтті.




