Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында салтанатты түрде Мемлекеттік Әнұран орындалды.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздердің қоғам өміріндегі маңызын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел тарихына деген құрметті арттыру және отансүйгіштік рухты нығайту болды. Әнұранды бірлесе орындау барысында қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның басты нышандарына деген құрметтерін білдіріп, ел бірлігі мен ұлттық тұтастықтың маңызын тағы бір мәрте сезінді.

Шараға қатысқан зейнеткерлер Мемлекеттік Әнұранның әрбір жолынан туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін аңғарып, мемлекеттік рәміздердің ұлттың рухани негізі екенін атап өтті. Мұндай патриоттық бағыттағы іс-шаралар азаматтардың елге деген жауапкершілігін арттырып, ұлттық сана мен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді.

Мемлекеттік Әнұранды орындау салтанаты қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Отанға деген адалдық пен құрметтің жарқын көрінісіне айналды.