Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бастамасымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында орталық ұжымы ерекше балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, құттықтау концертін ұсынды.

Концерттің басында «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің директоры Ғалия Жандосқызы, №3 қалалық емхана жанындағы «Жас толқын» жастар денсаулық орталығының маманы Ирина Михайловна және Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бөлім басшысы Кенжеболат Сапарұлы құттықтау сөз сөйлеп, ерекше балаларға білім беріп, тәрбиелеп жүрген ұстаздарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

Мерекелік бағдарлама Сарыарқа ауданы БҰӨСО мен №3 қалалық емхана жанындағы «Жас толқын» жастар денсаулық орталығының қолдауымен өтті. Іс-шараға Астана қаласы Жоғары медициналық колледжінің студент-өнерпаздары және біздің орталықтың қатысушылары қатысып, ән айтып, би билеп, өлеңдер оқып, көрермендерге ерекше әсерлі кеш сыйлады. Балалар өнерпаздармен бірге би билеп, көтеріңкі көңіл күйде болды.

Мереке, соңында, Сарыарқа ауданының қызметкерлері мен қызмет алушылары дайындаған тәттілер, жеміс-жидектер, ойыншықтар, оқу құралдары және дамытушы ойындар салынған сыйлық себеттері балаларға таратылды. Сонымен қатар, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің ұжымы да балаларға ойыншықтар тарту етті.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, мерекелік көңіл күй қалыптастыру, концерттік бағдарлама ұйымдастыру және сыйлықтар табыстау болды.