Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қоғам және мемлекет қайраткері, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай тағылымды әдеби кеш өтті.
Іс-шараны «Ұлағат бірлестігі» әдеби клубы, Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті және Астана қаласы әкімдігінің Кәсіптік-техникалық колледжі бірлесіп ұйымдастырды.

Кеш барысында Әлихан Бөкейханның өмір жолы, Алаш қозғалысындағы тарихи рөлі, ұлт тәуелсіздігі жолындағы ерен еңбегі кеңінен насихатталды. Қатысушылар тұлғаның саяси қызметі мен ғылыми мұрасы туралы тың мәліметтер алып, тарихи танымдарын арттырды.
Шарада Алаш арыстарының ел болашағы үшін атқарған қызметі жайлы айтылып, патриоттық рухтағы көріністер мен әдеби композициялар ұсынылды. Сонымен қатар, Әлихан Бөкейхан туралы бейнеролик көрсетіліп, нақыл сөздері оқылды.



