Жаз — күн шуағы мол, жылы әрі жайлы мезгіл. Бұл уақыт зейнеткерлер үшін жаңа әсерлер мен қарым-қатынасқа толы кезеңге айналады. Олар үшін жазғы саябақтарда уақыт өткізу әдетке айналған: мұнда демалыс денсаулықты нығайтумен, шығармашылық және танымдық іс-шаралармен ұштасады.
Осындай шаралардың бірі — орталық қызметалушыларына арналған «Жадыраған жаз» атты маусымдық би кеші. Әр сәрсенбі күні 17:00-ден 19:00-ге дейін қатысушылар би алаңына жиналып, би билеп, әңгімелесіп, жылы әрі жағымды ортада уақыт өткізеді.
Мұндай кездесулерді ұйымдастыру Есіл ауданының бастамасы болып табылады. Сонымен қатар, бұл іс-шаралар барлық ниет білдірушілер үшін ашық — кез келген адам келіп, қатыса алады. Биыл 20 мамырда жазғы би кештерінің екінші маусымы басталады.




