Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Абайдана, Абай дара» атты зияткерлік сайыс өтті. Іс-шараны Алматы ауданының «Ұрпаққа аманат» клубы ұйымдастырды. Байқауға Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа, Нұра және Сарайшық аудандарының командалары қатысып, өз білімдерін, эрудициясын және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.

Қатысушылардың білімін белгілі тұлғалардан құралған кәсіби қазылар алқасы бағалады:
Қабылбек Жағыпаров — тарихшы, ақын, сазгер;
Қалибек Қизатұлы — абайтанушы, жазушы;
Жандос Мағазбекұлы — абайтанушы, доцент;
Алмахан Мұхаметқызы — абайтанушы, ақын.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын — Байқоңыр ауданы;
2 орын — Сарайшық ауданы;
3 орын — Нұра ауданы.

Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде өтті. Қатысушылардың білім мен шығармашылыққа деген шынайы қызығушылығы көрермендер тарапынан ерекше ықылас тудырды. Мұндай бастамалар аудандар арасындағы достық байланыстарды нығайтып, жаңа интеллектуалдық жетістіктерге шабыт береді.