Сарайшық ауданы бойынша «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында «Аманат» партиясы атынан Астана қаласы Сарайшық ауданы №4 бірмандатты округінен сайланған мәслихат депутаты Мадина Берікболқызы Әжікенованың халықпен есеп беру кездесуі өтті.

Кездесу барысында депутат атқарылған жұмыстар, жүзеге асырылған әлеуметтік бастамалар және алдағы жоспарлар туралы жан-жақты баяндады. Сонымен қатар аудан аумағында әлеуметтік қолдау көрсету, инфрақұрылымды дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.
Кездесуге мәслихат депутаты Бекзат Досханұлы Жолжақсынов, Сарайшық ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Қанат Серікұлы Түсіпбаев, инфрақұрылым бөлімінің басшысы Сұлтан Ермекбайұлы Мақаш, Сарайшық ауданы әкімдігінің әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Дарын Құралұлы Қаппаров, сондай-ақ Мұхтар Дүйсенұлы мен «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының директоры Серік Жолаушыұлы қатысты.

Іс-шара барысында қызмет алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Қатысушылар өздерін толғандырған әлеуметтік және тұрмыстық мәселелер бойынша ұсыныстарын айтып, бірқатар мәселелерді талқылады. Кездесу, соңында, қонақтарға кофе-брейк ұйымдастырылды.



