Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Алматы ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Триатлон саябағында спорттық-сауықтыру іс-шарасын өткізді. Шараның мақсаты – зейнеткерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, белсенділікке баулу және отбасы құндылықтарын дәріптеу болды.

Шара барысында орталықтағы скандинавиялық жүріс, егде жастағы адамдарға арналған фитнес, оңалту гимнастикасы және «Айкүне» үйірмелерінің қатысушылары өз шеберліктерін көрсетті. Зейнеткерлер дене жаттығулары мен сауықтыру бағдарламаларын орындап, күнделікті жаттығудың денсаулыққа пайдасын таныстырды.

Әр үйірмеден 20 шақты адам қатысып, ал скандинавиялық жүріске 40-тан астам зейнеткер белсенді түрде атсалысты. Қатысушылар таза ауада серуендеп, арнайы жаттығулар орындап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған спорттық бағдарламаларға қатысты.

Іс-шара барысында зейнеткерлер өзара тәжірибе алмасып, белсенді өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы пікірлерімен бөлісті. Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің денсаулық пен жақсы көңіл-күй үшін пайдалы екенін атап өтті.