Нұра ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында 1 мамыр – татулық пен достықтың, бірлік пен келісімнің мерекесіне орай «Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт» атты мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті.

Шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, кейін құрметті қонақтардың құттықтау сөздері мен марапаттау рәсіміне ұласты. Мерекелік бағдарлама барысында әр ұлттың өнері кеңінен насихатталып, еліміздегі бейбітшілік пен өзара келісімнің жарқын көрінісі сахна төрінен орын алды.
Кеш көпұлтты халқымыздың ынтымағы мен бірлігін дәріптеген тағылымы мол іс-шара ретінде есте қалды. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халқымыздың береке-бірлігі арта берсін!



