Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Цигун тыныс алу гимнастикасы арқылы денсаулық сақтау» тақырыбында таза ауада шеберлік сабағы өткізілді. Тыныс алу гимнастикасының жаттығулары жүрек соғысын қалыпқа келтіруге, сондай-ақ, ішкі тепе-теңдік пен жан тыныштығын сақтауға ықпал етеді.

Үйірме нұсқаушысы Жанат Әкімбекұлы. Цигун және тыныс алу гимнастикасы үйірмесіне 60–80 жас аралығындағы зейнеткерлер қатысады. Сабақ барысында қатысушылар цигун жаттығуларының негізгі тәсілдерімен танысты. Жаттығулар дұрыс тыныс алу, баяу қозғалыс және ішкі тепе-теңдікті сақтау қағидаларына негізделді. Қатысушылар жаттығуларды тәжірибе жүзінде орындап, олардың денсаулыққа пайдасы туралы мәлімет алды.

Егде жастағы адамдарға арналған цигун философиясы дұрыс тыныс алуға және қозғалыстың бірқалыптылығына баулиды. Бұл өз кезегінде денені сауықтыруға, жайлы күй мен жан тепе-теңдігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Іс-шара Астана қаласындағы Ататүрік саябағында таза ауада ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше сергектік пен жағымды көңіл-күй сыйлады.