Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Ақ бата – асыл сөз» атты батагөйлер байқауы өтті.
Іс-шара Шаңырақ күніне орай ұйымдастырылып, қазақ халқының маңызды рухани-мәдени құндылықтарының бірі – бата беру дәстүрін кеңінен насихаттауға бағытталды.
Байқауға құрметті ақсақалдар Ерсалим Асылбеков, Қалыбай Идрисов және Бекболат Махметов қатысып, өздерінің даналығы мен сөз шеберлігін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал әділқазылар алқасы Сарыарқа ауданының басшысы Кенжеболат Сапарұлының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекелік кештің көркін вокалды «Замандастар» тобы мен Ғазиз Мұхтаровтың «Маралдым» әні әрледі.
Наурыз мерекесінде 79 жастағы Бекболат ақсақал жиналған қауымға ақжарма тілегін арнады. Сарыарқа ауданы тұрғындарына арнап, Бекболат Махметов ақ батасын беріп, елге амандық, әр шаңыраққа береке мен бірлік тіледі.



