Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Мәдениет ұлттық салт-дәстүр күні аясында «Ұрпаққа аманат» клубының жетекшісі Тұрдыкүл Сүлейменованың жетекшілігімен қазақ халқының ұмытылып бара жатқан дәстүрлері жаңғыртылды.

Іс-шара барысында «Қамшы ілу», «Шапан шегелеу», «Қынаменде» сынды көнеден келе жатқан салттар сахналық көрініс арқылы айшықталып, олардың мән-мағынасы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, «Құдаласу» мен «Сырға салу» рәсімдері әсерлі түрде көрсетіліп, ұзатылар қыздың «Сыңсу» дәстүрі де таныстырылды. Көрермендер ұсынылған көріністерді зор ықыласпен қабылдап, өз ризашылықтарын білдірді.