Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының арт-терапия үйірмесінің қатысушылары Қайырымдылық күніне орай «Ерекше аналар» оңалту орталығына барып, қайырымдылық акциясын өткізді. Шара барысында қатысушылар орталықтағы балаларды құттықтап, оларға сыйлықтар табыстады.

Балаларға кеңсе тауарлары, жаңа киімдер, тәттілер мен жемістер апарылып, жылы лебіздер айтылды. Акцияға орталықтың басқа зейнеткерлері де қатысып, қайырымдылық бастамасын қолдап, өз үлестерін қосты. Осындай игі шаралар мейірімділік пен қамқорлықтың маңызын көрсетіп, ерекше қолдауды қажет ететін жандарға қуаныш сыйлауға бағытталды.



