Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Алғыс жүректен шыққан сөз» мерекелік іс-шарасы өтті. Кеш концерт форматында ұйымдастырылып, орталық зейнеткерлері көктем мерекелері қарсаңында өз замандастарымен қауышып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Алғыс айту күніне арналған концерттің басты мақсаты – Қазақстанды ортақ үйіміз ретінде құрметтеуге шақыру, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің достығын, өзара сыйластығы мен бірлігін нығайту болды.


Концерттік бағдарламада өнерпаз зейнеткерлер өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Жасар» дефиле клубының көрсетілімі, «Ата толғауы» домбырашылар ансамблінің музыкалық нөмірі, халық билері және өзге де шығармашылық қойылымдар ұсынылды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан өзге этнос өкілдері де жүрекжарды алғыстарын білдіріп, мерекелік кештің сәнін арттырды.