Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-сазды поэзиялық кеш өтті.

Іс-шараға орталықтың зейнеткерлері мен Астана қаласындағы «Зерделі» халықаралық мектебінің оқушылары қатысып, ұрпақтар сабақтастығы мен рухани байланыстың жарқын үлгісін көрсетті.

Кеш соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Бағдарлама барысында ақынның жүрекке жетерлік өлеңдері оқылып, музыкалық шығармалар орындалды, сондай-ақ, оның өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер айтылды.

Іс-шара қатысушыларға терең рухани әсер сыйлап, поэзия мен өнерге деген қызығушылықты арттырды.