Нұра ауданының зейнеткері — скандинавиялық серуендеу үйірмесінің қатысушысы Татьяна Сүлейменова 14 ақпанда өткен BURABAY ICE 2026 республикалық жарысында жүлделі ІІ орынға ие болды.
Мұз үстінде өтетін спорт додасы Бурабай өңірінде ұйымдастырылып, 7 шақырым қашықтықты қамтыды. 18 жастан жоғары қатысушылар бақ сынаған жарыста 60 жас және одан жоғары санатта біздің зейнеткеріміз жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.
Жеңісіңіз құтты болсын! Жаңа белестерді бағындыра беріңіз!




