Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

10 қаңтарда Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен зейнеткерлерге арналған «Киберқауіпсіздік және интернет пен телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Қатысушыларға киберқылмыстың кең таралған түрлері, одан қорғану жолдары, сондай-ақ құқықтық және цифрлық сауаттылықтың маңыздылығы туралы айтылды. Құқық қорғау органдарының өкілдері алаяқтықтың алдын алу шараларын түсіндіріп, зейнеткерлерді толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Кездесуге Астана қаласының полиция, прокуратура және қаржылық қауіпсіздік саласының өкілдері, сондай-ақ Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері қатысты.