Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

15 қаңтарда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының спорт нұсқаушылары «Алматы» ауданының әкімдігімен бірлесіп, зейнеткерлер арасында қол күрестен жарыс өткізді. Білекпен күш сынасуға 20-ға жуық зейнеткер ниет білдірді.
Зейнеткерлер арасында өткен жарысқа Астана қаласының әкімдігінің қалалық бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясының нұсқаушысы Дәулет Хамзин мен Алматы ауданы әкімдігінің әлеуметтік бөлім менеджері Шалқар Қайыржан төрешілік етті.


Әділ сайыста қазылар алқасының шешімі бойынша әйелдер арасынан 1-санатта, яғни 60 келіге дейін салмақта Ирина Чагай, Камила Шакирова, Ләззат Иманбаева жеңімпаз атанса, ал 2-санатта 60 келіден жоғары салмақта Ботагөз Спанбетова, Бақыт Нүкенова, Бақыткүл Байымбетова жеңіске жетті.


Ерлер арасынан 1-санатта 75 келіге дейін салмақта Мақсұт Нурушев, Қайрат Хайдаров және Нұрабай Ахметов қарсыластарынан озып шықты. 75 келіден жоғары салмақта күш сынасқан аталарымыз Асқар Исабеков, Алмағазы Кукушев пен Таниберген Иманбаев жүлделі орындарға ие болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қол тірестің денсаулыққа әсері мол, әрі дене шымырлығын арттырумен қатар, психологиялық та пайдасы зор.
Жарыс өзара қызықты, әрі тартымды өтті. Барлық жеңімпаздар мадақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.