Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

29 желтоқсан күні Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында жаңа жылдық іс-шара өтті. Мерекелік көңіл-күй қалыптастыру мақсатында орталық қатысушылары үшін ретро әндермен жаңа жылдық дискотека ұйымдастырылып, кинофильмдерден қойылымдар көрсетілді. Сондай-ақ, ойын-сауық бағдарламалары мен түрлі ойындар өткізілді.

Мерекенің ерекше көркі зейнеткерлер дайындаған бағдарлама болды. Биыл олар белсенділік пен шығармашылық танытып, көрермендерді балалық шаққа қызықты саяхатқа жетелеп, әсерлі театрландырылған қойылымдар ұсынды.