Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында
«Жақсылықпен кел, Жаңа жыл 2026» атты мерекелік концерт өтті.

Шара барысында орталық бөлім басшысы Кенжеболат Сапарұлы қонақтарды құттықтап, өткен жылдың қорытындысы сәтті болғанын атап өтті.

Мерекелік бағдарлама ән мен биге, театрландырылған қойылымдар мен көңілді ойындарға толы болды. Сахнада «Замандастар» және «Ветеран» хорлары, «Әгугай» ансамблі өнер көрсетті. ❄️

Шара соңында ең белсенді еріктілер марапатталып, қатысушыларға креативті жаңа жылдық номинациялар табысталды.

Баршаңызды келе жатқан 2026 жылмен құттықтаймыз! 🎉