Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына Солтүстік Қазақстан облысы Ардагерлер кеңесінің мүшелері арнайы сапармен келді. Қонақтар орталықтың қызметімен жан-жақты танысып, спорт, қолөнер, тіл үйрену, заманауи технологиялар, вокал, ұлттық аспаптар, би және өзге де шығармашылық бағыттар бойынша ұйымдастырылған сабақтарға қатысты.
Елорда зейнеткерлерінің белсенділігі, шеберлігі мен өмірге деген құштарлығы қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Олар орталықты «қуаныш пен шабытқа толы мекен» деп жоғары бағалады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара аясында Солтүстік Қазақстан облысы Ардагерлер кеңесінің мүшелеріне естелік медальдар салтанатты түрде табысталды.
Бұл тағылымды кездесу аға буынға деген зор құрметтің айқын көрінісі болып, достық пен бірліктің, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығының маңызын тағы бір мәрте айқындады.



