Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

18 желтоқсан күні Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында волонтерлерді марапаттау рәсімі өтті. Сарайшық аудандық бөлімшесінде жыл бойы қоғамдық қызметке қосқан елеулі үлесі, еріктілік қозғалысын дамытудағы белсенділігі үшін 26 волонтер марапатталды.

Марапатталғандар қатарында:

І. «Ұрпақтар сабақтастығы: Білім және қолөнер» бағыты
Білімді, ұлттық құндылықтар мен қолөнерді насихаттауға қосқан үлесі үшін:

Жібек Теміртасқызы — «Сыр сандық» зияткерлік клубының жетекшісі;

Бақытгүл Қабдешқызы — «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» жобасының авторы;

Түймеқыз Мендешқызы — кілем тоқу мен ұршық иіру шеберлігін үйретуші;

Айтжамал Жүнісқызы — «Қолөнер» клубының күміс волонтері;

Алтынкүл Момынқұлова — «Тіл шаңырағы» клубының белсендісі;

Алданыш Нурпеисов — «Абай тану» курстарының авторы;

Айжан Искакқызы — тарихи-мәдени мұраларды насихаттаушы;

Роза Қабікенқызы — «Ағылшын тілі» клубының жетекшісі;

Батима Мырзахметқызы — «Поэзия Тамерлан» клубының жетекшісі.

ІІ. Экология және халықаралық волонтерлік бағыты
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және волонтерлік бастамаларды қолдауға қосқан үлесі үшін:

Үміт Мырзатайқызы — қайырымдылық және инклюзивті бағыт белсендісі;

Күләнда Сәгімбайқызы — экожүйені қорғаушы, фотосуретші;

Ғалымжан Аманбаев — «Таза Қазақстан» бастамасы мен Азия ойындарының еріктісі;

Ләззат Дүйсебайқызы — республикалық деңгейдегі тәжірибелі волонтер;

Айзат Абиболлақызы — «Астана жастары» орталығының бас маманы;

Нұрасыл Бекматов — Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің менеджері.

ІІІ. Мәдени-рухани және спорттық бағыт
Мәдени-рухани құндылықтарды дәріптеуге және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін:

Ақдариға Тұрсынбекқызы — «Еңбек терапиясы» тоқыма клубының жетекшісі;

Гүлжамила Қонақбайқызы — «Таным» поэзия клубының жетекшісі;

Светлана Васильевна — «Әдемі дәуір» бишілер тобының жетекшісі;

Сергей Юрьевич — «Super Velo Star» клубының жетекшісі;

Керімбай Қотырев — «Шаңғы» клубының жетекшісі;

Ақынжан Райханұлы — «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі;

Рымбала Шорманқызы — егде жастағы адамдарға арналған фитнес волонтері.

IV. Сауықтыру және қайырымдылық бағыты
Халық денсаулығын нығайтуға және қайырымдылық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін:

Татьяна Ивановна — «Гармония здоровья» клубының жетекшісі;

Гаукария Жүнісқызы — «Цигун» үйірмесінің жетекшісі;

Нагима Жанабайқызы — йога жаттықтырушысы;

Мағжан Нұрмұханқызы — «Айкуне» және сауықтыру гимнастикасының волонтері;

Салтанат Шеркенова — «Қолөнер» клубының жетекшісі;

Күляш Абуталипқызы — «80+ Sheber Shop» қайырымдылық жобасының жетекшісі.