Сарыарқа ауданында бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Айкүне» гимнастикасы бойынша курс аяқталды.
Айкүне — тыныс алу мен созылу жаттығуларына негізделген заманауи қазақ гимнастикасы болып табылады. Ол буындардың қозғалғыштығын арттыруға, бұлшықеттерді нығайтуға, стрессті азайтуға көмектеседі. Егер жаттығумен тұрақты түрде айналысса, тынысты қалыпқа келтіруге, дене бітімін түзетуге және жалпы денсаулықты жақсартуға әсері мол.
Курсқа қатысқан зейнеткерлердің көбі айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Мәселен, сәуір айынан бері айкүне сабақтарына қатысып жүрген Ажар Қаракисекова қан қысымы қалыпқа келгенін, «холкасы» жоғалғанын, жүрісі түзелгенін атап өтті. Сондай-ақ, ол нұсқаушының денсаулыққа мән беретінін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Курс соңында қатысушылар бірнеше ай бойы үйренген жаттығуларын қайталап, өз жетістіктерін көрсете білді.
Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Кенжеболат Бапишев түлектерді құттықтап, олардың тәртіп пен табандылықтың арқасында қол жеткізген жетістіктерін атап өтті.

Сарыарқа ауданында төрт топ айкүне курсын сәтті аяқтаған, олар: Қызылқұрт, Арғын, Албан, Жағалбайлы.
Айкүне нұсқаушысы Мариям Дүйсенбаева әр топқа естелік суреттер мен алғыс хаттар табыстап, олардың еңбегін жоғары бағалады.
Қатысушылар өз тарапынан жаттықтырушыға ризашылықтарын білдірді.
Зейнеткерлерге мықты денсаулық, сергектік және белсенді өмір тілейміз!



